RU
Энергетика вице-министрі тергеу изоляторынан үй қамауына ауыстырылды
Жаңалықтар Қоғам

Энергетика вице-министрі тергеу изоляторынан үй қамауына ауыстырылды

Рассказать Вконтакте

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековтің бұлтартпау шарасы өзгертілді. Ол тергеу изоляторын енді үй қамауымен алмастырды деп хабарлайды tengrinews.kz cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Бұл туралы вице-министрдің қорғаушысы Альмира Шайхина мәлімдеді.

Оның айтуынша, Астана қалалық соты бұл шешімді үкімге келіп түскен шағым негізінде қабылдаған. Алдағы екі айда Ғани Сәдібеков үй қамауында болмақ.

«Бізге не себепті дәл осы бұлтартпау шарасы таңдалғаны мен қылмысқа Сәдібеков мырзаның анық қатысқаны жөнінде нақты негізділік берілмеді. Сол себепті сот үкіміне шағым түсіргенбіз", - деді Адьмира Шайхина.

Қорғаушының айтуынша, Ғани Сәдібеков өзіне тағылған айыппен мүлдем келіспейді.

Айта кетейік, вице-министр наурыз айының басында пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
4
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір