RU
Балаға екі рет оқ атқан Теміртау тұрғыны түрмеден құтылып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Балаға екі рет оқ атқан Теміртау тұрғыны түрмеден құтылып кетті

Рассказать Вконтакте

Теміртау соты мас күйінде балаға екі рет оқ атқан 33 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Балаға екі рет оқ атқан Теміртау тұрғыны түрмеден құтылып кетті

Балаға екі рет оқ атқан Теміртау тұрғыны түрмеден құтылып кетті

Белгілі болғандай, былтыр 24 тамызда сотталушы танысымен бірге пәтерінде ішімдік ішіп отырады. Ер адамдар үшінші қабаттағы балконға темекі тарту үшін шыққан. Сол кезде айыпталушы құмда ойнап отырған екі баланы көреді.

Ер адам пневматикалық қаруын алып шығып, қорғасын оқпен оқтайды да, жеті жасар баланы атады. Бастапқы да оқ балаға тимейді.

Алайда сотталушы онымен тоқталмай, қаруды қайта оқтап, қайта атқан. Бұл жолы оқ баланың кеудесіне тиіп, өкпесіне зақым келтіреді. Жеті жасар жеткіншек ауруханаға жатқызылған.

Ер адам қылмыс орнынан қашып кетіп, алайда кейін кінәсін мойындау туралы келісім жасасыпты.

Іс Теміртау қалалық сотында қаралды. Судья Талғат Елеуов теміртаулықтың шын жүректен өкініп, шығынды өтегенін ескеріпті. Әрі ер адам бұрын-соңды сотталмаған екен.

Сөйтіп, айыпталушы бес жылға шартты түрде сотталып, сот залында қамаудан босатылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel