RU
Балиева Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін кәсіпкерлерге үндеу жасады
Жаңалықтар Қоғам

Балиева Кемероводағы қайғылы оқиғадан кейін кәсіпкерлерге үндеу жасады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева Ресейдің Кемерово қаласындағы қайғылы жағдайдан кейін мекеме, ұйым мен ғимарат басшыларына үндеу жасады деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Балиева
«Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ресей Федерациясының Кемерово қаласындағы балалардың өліміне әкеп соққан қайғылы жағдайға байланысты көз жұмғандардың туғандары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмдардың туған-туыстары үшін бұл - орны толмас қаза, үлкен қайғы. Жауапты адамдардың өз ісіне салғырт қарауы балалардың өліміне әкеп соқтырған бұл жағдай - біз үшін де сабақ», - делінген хабарламада.

Зағипа Балиева әр түрлі ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, кинотеатрлар мен адамдар көптеп жиналатын орындардың басшыларын өз ғимараттарында қауіпсіздік ережелерін сақтап, қауіпсіздік техникасы мен күзет қызметі кезінде ақшаны үнемдеп қалмауға, ғимаратқа келушілердің барлығы, әсіресе балалар бос уақытын толық қауіпсіздікте өткізе алатындай жағдай жасауға шақырды.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
1
2
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel