RU
"Қайраттың" ойыншысына әйгілі "Барселона" клубының көзі түсті
Жаңалықтар Қоғам

"Қайраттың" ойыншысына әйгілі "Барселона" клубының көзі түсті

Рассказать Вконтакте

Алматылық "Қайрат" футзал клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Дуглас Жуниорға "Барселона" командасы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды prosports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sputnik Қазақстан

Фото: Sputnik Қазақстан

"Барселона" басшылары қазақстандық клубпен Дугластың трансфері туралы келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді. Дегенмен, футзалшының "Қайратпен" 2023 жылға дейін жасалған келісімшарты бар.

Әрі онда 500 мың еуро мөлшерінде өтемақы қарастырылған. Дәл осы қаржы мәселесі Дугластың Испанияға ауысуына кедергі келтіруі мүмкін.

"Барселонадан" бөлек Дугласқа тағы бір испаниялық ұжым "Интер Мовистар" және португалиялық "Спортинг" клубтары да қызығып отыр.

Ал футзалшының өзі де Испан асуға қарсы емес секілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel