RU
Төтенше жағдай: ШҚО-да тағы бір ауылды топан су басты
Жаңалықтар Қоғам

Төтенше жағдай: ШҚО-да тағы бір ауылды топан су басты

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында тасқын қаупі әлі де сейілер емес. Қызыл су енді Шемонаиха ауданына қарасты Жоғарғы Үбі ауылына жетті деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Қызыл су Жоғарғы Үбіге кеше кешкілік лап қойған. Мұздың кептелісінен әрі жаңбыр салдарынан арнасынан шыққан Үбі өзені бірнеше көшенің бойындағы үйлерді басып қалыпты. Кей жерлерде су деңгейі бір метрге дейін жеткен.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 68 үй мен 51 ауланы су басқан деп отыр. Қатты келген мұз аралас су кей шарбақтарды құлатып кеткен. Жергілікті әкімдіктегілер қазір зардап шеккендердің тізімін жасап, оларға көмек көрсету мәселесін қарастырып жатырмыз дейді.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

"Жергілікті жерде төтенше жағдай жарияланып отыр. Сондықтан ешкім де назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ, жұмыспен қамту орталықтарымен біріге отырып, материалдық көмек көрсету жағы да қарастырылып жатыр. Оның мөлшері кейін белгілі болмақ", - дейді Жоғарғы Үбі ауылдық аймағының әкімі Валерий Фещенко.

Бірақ, дүние-мүлкінің тоналуынан қауіптенген кейбір тұрғындар ештеңеге қарамастан, су толы үйлеріне оралып, өз беттерінше әрекет етіп жатыр. Құтқарушылар оларға психологиялық көмек көрсетіп, азық-түлік жеткізуде.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Қазір судың беті қайтқанымен, төменгі жақта орналасқан 10 үй әлі де суда тұр. Жалпы Шығыс Қазақстан бойынша, құтқару бекеттеріне 100-ге жуық адам орналастырылса, 900-дейін тума-туыстарына кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel