RU
Алматы облысында бір отбасындағы үш нәзік жандының өлі денесі табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында бір отбасындағы үш нәзік жандының өлі денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында бір түнде тұтас отбасының мүшелері қаза болды. Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы тұрғын үйлердің бірінен 86 жастағы қарт әженің, оның 50 жастағы қызы мен 24 жастағы жиен немересінің өлі денесі табылған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: augustnews.ru

Көрнекі фото: augustnews.ru

Арнаның хабарлауынша, отбасындағы үш адам да ауыр пышақ жарақатынан көз жұмған. Оқиға түнде болғандықтан маңайдағы көршілер ештеңе естімеген, білмеген. Қазір олар қаралы үйді айналшықтап қана жүр. 3-4 күн бұрын наурыз мерекесін бірге тойлаған көршілер сұмдық жайтқа сене алар емес.

Үшеудің мәйітін алғаш көрген куәгерлер адам сенгісіз дене жарақаттарына қараудың өзі қорқынышты дейді. Бұл үйден бөтен адамдардың жүргенін, ұрыс-керісті байқамайтын едік деген олар тек былтырғы жаздан бері бір жігітті көреді екен.

"Үлкен қызымның ұлы, жиенім деп таныстырған. Артынан жүретін қызым деп мойындаған. Иә, қыздың жүретін жігіті екен", - дейді көршісі Бибігүл Төлеуханқызы.

Күдікті ретінде ұсталған да сол жігіт екен. 1996 жылғы азамат осы үйдің құрылыс жұмыстарын жасапты. Көршілердің айтуынша, қызға үйленбек болған жігітке әжесі бірнеше мәрте қарсылық білдірген. Қанды оқиға туралы ешқандай ақпарат бергісі келмеген облыстық полиция күдіктінің қазір қайда екенін айтты.

"Қазіргі уақытта күдікті ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 99 бабына сәйкес басталды", - дейді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілі Әйгерім Көпбаева.

Күдікті ұсталды деген соң Ұзынағаш ауылындағы үрей сейілген.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
10
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel