RU
Кемеровода бұрынғы павлодарлық мұғалім де құрбан болуы мүмкін еді
Жаңалықтар Қоғам

Кемеровода бұрынғы павлодарлық мұғалім де құрбан болуы мүмкін еді

Рассказать Вконтакте

Павлодарда №16 мектеп-лицейдің оқытушылары Ресейдің Кемерово қаласында болған өрттен қаза тапқан Наташа Устинова мен оның анасын еске алады, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кемероводағы өрт. Фото: PolitPuzzle.ru

Кемероводағы өрт. Фото: PolitPuzzle.ru

Агенттіктің хабарлауынша, осы лицейдің бұрынғы оқытушысы Екатерина Алексеевна Щербинина да біраз уақыт бұрын Кемеровоға көшіп кеткен.

Ал оның қайғылы оқиғаның құрбаны болуына аз-ақ қалған екен. Себебі әйел сол күні киноға бармақ болған.

"Щербинина Екатерина Александровна да бүгінгі күні қайғыдан қан жұтып отыр. Олар сол күні күйеуімен бірге киноға бармақ болады, бірақ күтпеген жерден күйеуін іссапарға шақырған. Екатерина оған ренжісе де, билеттерін тапсырған", - дейді директор.

Еске сала кетейік, 25 наурыз күні Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында өрт шығып, 64 адам қаза тапқан.

Ал 27 наурызда жантүршігерлік өрттен сол жаққа қызы мен немерелеріне барған 57 жастағы павлодарлық Марина Баранованың қайтыс болғаны хабарланды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel