RU
Бүгінгі ауа-райы: Еліміздің кейбір аймақтарында қар жаууы мүмкін
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бүгінгі ауа-райы: Еліміздің кейбір аймақтарында қар жаууы мүмкін

Рассказать Вконтакте

28 наурыз күні еліміздің кейбір аймақтарында қар жаууы ықтимал деп хабарлайды «Казгидрометке» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгінгі ауа-райы: Еліміздің кейбір аймақтарында қар жаууы мүмкін

Бүгінгі ауа-райы: Еліміздің кейбір аймақтарында қар жаууы мүмкін

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Жауын-шашын, қар жауады.

Тек солтүстік пен оңтүстік-батыста ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, оңтүстікте - найзағай, батыста -бұрқасын күтіледі.

Атап айтар болсақ, Қостанай облысында жел 15-20, күндіз кей жерлерінде екпіні 25 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күші 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с дейін күшейуі күтіледі.

Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с дейін күшейеді,

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз дауыл, жел күші 15-20 м/с болады.

Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіліп, кей жерлерінде найзағай соғады.

Павлодар, Маңғыстау, түнде және таңертен Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір