RU
Орамал тартқан келіндер арқан тартысып, елді таңғалдырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Орамал тартқан келіндер арқан тартысып, елді таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Наурыз мейрамы кезінде арқан тартысып, сайысқа түскен келіндер тобы елді таңғалдырды деп хабарлайды ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Орамал тартқан келіндер арқан тартысып, елді таңғалдырды (видео). Фото: kaktus.media

Орамал тартқан келіндер арқан тартысып, елді таңғалдырды (видео). Фото: kaktus.media

Мәліметтерге сүйенсек, бұл видео Шымкент қаласы маңындағы Қайнарбұлақ елдімекенінен түсірілген. Наурыз мейрамында ұлттық нақышта киінген ауыл келіндері екі топ болып, арқан тартысып жарысады. Оған айнала тамашалаушылар разы болып, қолдау көрсетіп отырған.

Әлеуметтік желі арқылы таралған бейнежазбаға көпшілік жарыса пікір жазды.

"Жарайсыңдар! Бәрінің бірдей ұлттық киім кигеніне разы болдым", "Қандай әдемі жарасады?", "Дәстүрлі ұлттық ойынымызды дәріптеп жүр", "Кім ұйымдастырса да, Алла разы болсын!", "Алдағы уақытта жалғасын табады деп сенеміз", "Келіншектердің арқан тартысы қызық болады екен" деп жылы лебіздерін жаудырды желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel