Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің өзі жауапқа тартылуы мүмкін

Опубликовано:

Қазақстандық рэпер Жан Ахмадиевтің Алматыда Сейфуллин көшесінің бойындағы жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Енді әншінің өзі осы әректі үшін жауапқа тартылуы мүмкін деп хабарлайды Sputniknews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің өзі жауапқа тартылуы мүмкін
Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің өзі жауапқа тартылуы мүмкін: UGC

«Жез қамшы» жобасымен жеңіл жүрісті қыздарды сабаған Ахмадиев, бұл ісін эстафета ретінде еліміздің азаматтарына жолдаған болатын.

Алайда көпшілік бұл істің теріс екенін алға тартқан. Ал атышулы бойжеткен Айжан Байзақова заманауи жыраудан осы ісіне жауап беруді талап еткен болатын.

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің өзі жауапқа тартылуы мүмкін
Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиевтің өзі жауапқа тартылуы мүмкін: UGC
Ол «қыздарды сабағанша, зорлықпен айналысатын ер адамдарға күшіңді көрсет» деп Ахмадиевтің бұл ісін сынап тастады.

Қазіргі уақытта полиция бұл видеоға қатысты пікір білдірді.

"Аталған дерек бойынша әзірше арыз түскен жоқ. Видеоны тексеріп жатырмыз", — деді Алматы ішкі істер департаменті өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ахмадиевтің жеңіл жүрістілерді қамшымен сабаған видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723470-zezkselerdi-kamsymen-sabagan-zan-ahmadievti-zi-zauapka-tartyluy-mmkin/

pixel