RU
Құтқарушыларға негізсіз қара күйе жаққан астаналық тұрғын өз ісіне өкініп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Құтқарушыларға негізсіз қара күйе жаққан астаналық тұрғын өз ісіне өкініп қалды

Рассказать Вконтакте

Асхат Солтановтың пәтерінен 15 миллион теңгені қолды қылған өрт сөндірушілер емес, үй тазалаушы болып шықты. Баспана қожайыны құтқарушыларға негізсіз қара күйе жаққанын мойындап, бөлімшеге келген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: kraja.anti-lie.com

Көрнекі фото: kraja.anti-lie.com

"Жігіттер, барлығыныңыздан жеке-жеке кешірім сұраймын. Әрқайсыңызға мың алғыс. Сіздер өз жұмыстарыңызды адал атқардыңыздар. Мен жаңылдым. Жаңадан сатып алған үйім жанып кетті дегенді естігенде, ашумен сіздерді айыптап, оны жұртқа жарияладым. Бұл қылығым үшін өкінемін, кешіріңіздер", - дейді Астана қаласының тұрғыны Асхат Солтанов.

Солтанов әлеуметтік желідегі парақшасына өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерімнен 15 миллион теңгені ұрлады деп елді дүрліктірген болатын. Осыдан кейін полицейлер тілсіз жауды ауыздықтаған әр құтқарушының баспанасын, көлігін тінтіп, астаң-кестеңін шығарған. Сөйтсе, Солтановтың жиған ақшасын қолды қылған құтқарушылар емес, үй тазалаушы екен.

Жалдамалы жұмысшыда пәтер кілтінің көшірмесі болған. Қожайындар жоқта ол жатын бөлмеде шкафта тұрған 15 миллион теңгені ұрлап, ізін жасыру үшін пәтерді өртеп кеткен. Қолды қылған ақшаның бір бөлігі иесіне қайтарылса, қалғанын қаскөйлер ойын автоматына салып жіберіпті. Қазір үй тазалаушы мен оның сұғанақ досы қамауға алынды.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір