RU
Астанада бес жасар қызды соққыға жыққан адам ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада бес жасар қызды соққыға жыққан адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Елордада 5 жасар қыз баланы соққыға жыққан күдікті анықталды деп хабарлайды «ҚазАқпарат-қа» сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанада бес жасар қызды соққыға жыққан адам ұсталды. Фото: Татарстан

Астанада бес жасар қызды соққыға жыққан адам ұсталды. Фото: Татарстан

Балақайды кеше ауруханадан шығарған. Тергеу шаралары аяқталып, психологтар көмек көрсеткен.

«Бүгін 5 жасар қыз бала ауруханадан шығарылды. Бала оған қамқоршы болып бекітілген әпкесіне табысталды. Тергеу шаралары толыққанды жүргізілді, оған заң өкілдері, психологтар жұмылдырылды. Қажетті сараптамалар тағайындалы. Іс материалдары сотқа жіберіледі» делінген хабарламада.

Айта кетейік, күдіктінің жеке басы туралы мәліметтер берілген жоқ.

Еске сала кетейік, 3 наурыз күні Қуат Ахметжанов Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдің Facebook парақшасына WhatsApp мессенджері арқылы келген №2 қалалық балалар ауруханасына түскен денесінде соққы іздері бар қыз бала туралы ақпаратты жариялаған болатын. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, балалар омбудсмені Зағипа Балиева қыз бала диваннан құлады деген нұсқаға күмән келтіретінін мәлім еткен еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір