RU
Ағашқа тұрмысқа шыққан бойжеткен саябақта дүркіретіп той жасады (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ағашқа тұрмысқа шыққан бойжеткен саябақта дүркіретіп той жасады (фото)

Рассказать Вконтакте

Флорида қаласындағы Форт-Майерс қаласының тұрғыны аса биік болып өскен фикус ағашына тұрмысқа шығып алған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған. NUR.KZ.

Ағаштың тамыры тым кеңге жайылып, 740 шаршы метр алқапқа дейін өсіп кеткен. Ол тіпті, саябақ аумағынан да асып кетіпті. Сол себепті қаланы абаттандыру бойынша комиссия мүшелері оны кесіп тастау туралы шешім шығарады.

Кэрен Купердің айтуынша, ол өсімдікті қорғап қалу үшін, оған тұрмысқа шығу туралы шешім қабылдаған. Аталмыш тәсілді Мексикадағы ағашты кесуге қарсы ереуілшілерден үйренген көрінеді.

Америкалық бойжеткен мен алып фикустың тойы саябақта өткен. Онда қыздың жақындары мен достары жиналып, тәпті неке жүзігін де сыйлаған. Ағашқа тұрмысқа шыққан қыз "Енді оны кесіп тастаса, мен жесір болып қаламын" деп әзілдейді.

Енді шенеуніктер қалай әрекет етерін білмей, оны кеспеу туралы шешімді қарастырып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір