RU
Нұрлыжол, Атазаң, Нұротан, Ақорда: Жұрт балаларына елде жоқ есімді қоюда
Жаңалықтар Қоғам

Нұрлыжол, Атазаң, Нұротан, Ақорда: Жұрт балаларына елде жоқ есімді қоюда

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар елдегі маңызды іс-шараға байланысты балаларына есім береді. Бұған Статистика комитетін шығарған ресми деректер куә деп хабарлайды Today.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: maminklub.lv

Көрнекі фото: maminklub.lv

Статистика комитетінің мәліметінше, елде Саммит, Саммита, Самит, Самита сынды 66 ер және 16 әйел есімі бар екен.

Азиада, Азияда деген есім 56 қыз балаға берілсе, 13 адамның аты Нұрлыжол.

Ал Бәйтерек деген 54 адамның аты болса, 37 ер адамға Елбасы деген ат қойылған.

24 ер адамға Отан деген есім берілсе, елдегі 13 әйелдің аты Теңге. Сонымен қатар елімізде 10 Қазақстан және 10 Нұротан өмір сүріп жатыр.

Ал тәуелсіздік жылдарында 10 адамға Астана есілімі берілген екен.

Қызықты есімдердің ішінде Мәңгілік, Ақорда деген аттар да бар. Ал бір қазақстандықтың есімі Атазаң.

Айта кетейік, былтыр өткен "EXPO-2018" халықаралық көрмесі кезінде туылған бір балаға "Бәйдібек ЭКСПО" деген есім берілген еді.

Сіздің реакцияңыз
12
0
4
2
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel