RU
Кемероводағы өртке кінәлі деп танылған күзетшінің әкесі елге жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Кемероводағы өртке кінәлі деп танылған күзетшінің әкесі елге жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Кемероводағы алапат өртте дабыл белгісін өшіріп қойды деп кінәланған күзетшінің әкесі елге жанайқайын жеткізді деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru

Фото: Life.ru
Source: UGC

Игорь Антюшиннің айтуынша, оның баласы дабыл белгісін өшірмеген. Тіпті оны қалай өшіру керектігін де білмейді екен.

"Балам дабыл белгісі үнемі өздігінен қосылып кете береді деп айтып жүретін. Сол туралы басшылыққа жеткізген соң, біреу барып оны мүлдем дыбыссыз етіп қойған. Бұл жағдай 18 наурызда болған еді. Оған қоса, менің ұлым оны қалай өшіретінін де білмейді", - дейді ашынған әке.

Сондай-ақ, Антюшин балсының өрт кезінде өзінің жұмыс орнында, компьютер мониторларын бақылап отырғанын айтады.

"Компьютерден түтін шыққанын көре сала, төртінші қабатқа жүгіргенін айтты. Оған жетіп үлгерді ме, жоқ па, білмеймін. Одан бөлек, кезекшілікте тағы екі күзетші болған. Осындай үлкен аумаққа бұл қызметкерлер саны өте аз болған. Олар ешнәрсе істей алмаған", - деп толықтырды ол.

Еске салсақ, Кемероводағы сауда орталығында шыққан өртке кінәлілердің бірі болып, жеке күзет кәсіпорны қызметкері қамауға алынған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
8
3
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel