RU
Шымкентте 13 млн теңгеге үйін кепілге қойған азамат санын соғып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте 13 млн теңгеге үйін кепілге қойған азамат санын соғып қалды

Рассказать Вконтакте

Баспанасын ломбардқа кепілге қойып, 13 млн алған шымкенттік азамат санын соғып қалды. Себебі тұрғынның баспанасын өзге адам ломбард арқылы сатып алған деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте баспанасын ломбардқа кепілге қойған азамат сан соғып қалды

Шымкентте баспанасын ломбардқа кепілге қойған азамат сан соғып қалды

Енді Рүстемовтердің отбасы ломбардқа емес, өзге тұлғаға қарыздар. Бұл мәселені шешу мақсатында үй егесі Еңбекші аудандық сотына арыз түсірген.

Алайда істі жіті қараған судья, үйді сатып алушының еншісіне шешім шығарды. Яғни, жәбірленуші, келісім шартта көрсетілген қаражатты кері қайтаруы қажет.

"Иванова Евгенияның Рәйлә Рүстемованың үстінен жазған талап арызы қанағаттандырылсын. Ол көрсетілген қарызды, яғни, 13 миллион 300 мың теңгені қайтаруы тиіс және мемлекетке 133 мың теңге шығын өндірілсін. Сондай-ақ, Рүстемова мен қорғаушы Наймов Байрам жазған шағым жарамсыз деп табылсын", — деді судья.

Айта кетейік, қомақты қаржыға үйін кепілге қойған азамат барлық ақшасынан айырылып, жер сипап қалған. Яғни, 2016 жылы 10 қараша күні Рүстемовтар отбасы баспанасын 13 миллионнан астам сомаға кепілге қойып, үйіне қайтқан.

Қайтар жолда тәтті алуға дүкенге тоқтаған. Сол мезетте, белгісіз тұлғалар, автомобильде тұрған ақшаны ұрлап кеткен болатын. Бірнеше күннен соң осы іске қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының 3 азаматы қолға түсті.

Қазіргі таңда олардың қылмысы толығымен дәделденіп, абақтыға тоғытылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
9
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір