RU
Атышулы Алтынай Жолдыбаева өзіне теріс пікір жазғандарды заңмен жазаламақ
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атышулы Алтынай Жолдыбаева өзіне теріс пікір жазғандарды заңмен жазаламақ

Рассказать Вконтакте

Атышулы Алтынай Жолдыбаева енді өзіне теріс пікір жазған оқырмандарын заңмен жазаламақ. Бұл жайында «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Атышулы Алтынай Жолдыбаева өзіне теріс пікір жазғандарды заңмен жазаламақ

Атышулы Алтынай Жолдыбаева өзіне теріс пікір жазғандарды заңмен жазаламақ

Әнші өзінің ашық образдарымен үнемі сынға ілігіп жүреді.

«Маған неше түрлі теріс пікірлер жазады. Бірақ ата-анам жайлы айтқаны қатты тиеді. Өйткені сол пікірді жазып отырған адам, өзінің тәрбиесіздігін көрсетіп отыр. Бұл жерде өзінің әке-шешесінің берген тәрбиесінің қаншалықты екенін көрсетіп отыр», - дейді әнші.

Сондай-ақ ол енді жағымсыз пікір жазған желі қолданушыларын жазаламақшы.

«Жалған аккаунтпен тіркелгендерді, нөмерімен тауып алуға болады. Егер біреу балағаттап, жаныңа тиетін сөздер жазса, иесін тауып алуға болады. Сондықтан абай болыңыздар», - деді Жолдыбаева.

Айта кетейік, Алтынай Жолдыбаева «JayRan» тобының әншісі. Оның ашық-шашық киімдері үнемі оқырмандарының талқысына түсіп, сынға ілігіп жатады.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
11
0
1
1
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір