RU
Жыл басынан бері сабаққа кіре алмай жүрген оқушының киімі мектепке сай болмай шықты
Жаңалықтар Қоғам

Жыл басынан бері сабаққа кіре алмай жүрген оқушының киімі мектепке сай болмай шықты

Рассказать Вконтакте

Астана қалалық сотының аппеляциялық алқасы былтырғы қыркүйек айынан бері мектепке кіре алмай жүрген орамал таққан ондаған қыз бала ата-аналарының заңгері Миржан Ғабдуллиннің шағымын қанағаттандырмады деп хабарламайды Азатыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Азаттық

Көрнекі фото: Азаттық

Адвокат аппеляциялық шағымда білім және ғылым министрінің міндетті мектеп формасына қойылатын талап туралы бұйрығының 13-тармағын заңсыз деп тануды талап етеді. Бұйрықтың 13- тармағында "мектеп формасына қандай да бір дінге қатысы бар элементтерді қосуға" тыйым салынған.

Миржан Ғабдуллиннің аппеляциялық шағымында талап білдіруші ата-аналардың Білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 14 қаңтарындағы "Орта білім беру мекемелеріндегі міндетті мектеп формасын бекіту туралы" № 26 бұйрығы Қазақстан Конституциясына, Бала құқығы туралы Конвенцияның 30 бабына және елдің "Бала құқығы туралы" заңы мен "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңына қайшы екені айтылған.

Заңгер Миржан Ғабдуллин Азатыққа кейінірек Жоғары сотқа шағымдану ниеті барын, егер ол жақтан да нәтиже болмаса, онда БҰҰ-ның адам құқықтары туралы комитетіне шағымданатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel