RU
Алматы облысында тәрбиешілер мүгедек баланы өлтірді деп күдіктелуде
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында тәрбиешілер мүгедек баланы өлтірді деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Талғарда 8 жасар мүгедек баланың өліміне интернат тәрбиешілерінің қатысы болуы мүмкін. Олар негізгі күдіктілер болып отыр деп хабарлайды «Время» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Белгілі болғандай, бала аса ауыр церебальды сал ауруына шалдыққан. Сол күні ол ұзақ уақыт бойы ұйықтай алмай, басқа балалардың да мазасын алса керек.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, тәрбиешінің көмекшісі тынымсыз балақайды төсекке байлап, мойнына жөргек тартып қойған.

Бірнеше сағаттан соң, 8 жасар баланың денесі жансыз күйінде табылды. Медбике бірден жүрек массажын жасағанымен, баланы құтқаруға тым кеш болған.

Қазіргі таңда, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті саналып отырған тәрбиеші ұсталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel