RU
Алматыда 7 балдық жер сілкінісі болатыны рас па?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда 7 балдық жер сілкінісі болатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Алматыда 26 наурыз күні болған жер сілкінісінен кейін тұрғындардың дегбірі қашқан. Оған себеп, WhatsApp желісінде жақын күндері жеті балдық жер сілкінісі болады деген ақпарат тарап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Белгісіз біреу WhatsApp желісінде аудиохабарлама жіберіп, жақын күндері қалада жеті балдық жер селкінісі күтіліп жатқанын ескерткен.

"Мұндайға өзім де онша сенбейтін едім. Бірақ бұл жайдан-жай емес екен. Жұмысымызда құжаттарың дайын болсын деп ескертті. Сондықтан бүгін, ертең дайын болыңдар. Жиналыста жеті баллдық жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертуде. Дүмпулер бүгіннен сезіле бастайды екен. Біздің басшының ағасы сейсмолог болып жұмыс істейді. Содан бәрін біліп отырмыз", - делінген хабарламада.

Алайда Cейсмология институтының қызметкерлері бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны жай ғана қауесетке балады.

"2018 жылы Алматы өңірінде күші жеті балдан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдылығы аз. Қауесетке сенуге болмайды, дүрлугідің қажеті жоқ", - дейді Сейсмология интситуты директорының ғылым жөніндегі орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков.

Сондай-ақ төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері де де бұл ақпаратты негізсіз деп отыр.

Айта кету керек, 26 наурыз күні алматылықтар 3-4 балдық жер сілкінісін сезген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
0
1
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel