RU
Жүрек жұтқан әке екі жасар қызымен жардан секіріп кетті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Жүрек жұтқан әке екі жасар қызымен жардан секіріп кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Малайзия тұрғыны Мохд Редха Розлан екі жасар қызымен биіктігі 60 метр шамасындағы жардан секірді. Оқиға орнынан түсірілген видео желі қолданушылардың ашуына тиді деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Белгілі болғандай, Мохд Редха Розлан банджи-джампингпен ұзақ уақыт бойына шұғылданып келген. Биік жарлардан секіру, оны бала кезінен қызықтырса керек.

Кезекті секіруіне ол өзімен бірге Мекка Микаэла атты екі жасар қызын да ерте барды. Сәбиіне банджи-джампингті шынайы түрде көрсетпек болып, ер адам қызымен бірге 60 метр биіктіктен секірген.

Оқиға орнынан куәгерлер түсірген видео интернет желісінде нағыз резонанс тудырды.

Жас әкенің бұл қылығын құптамаған көпшілік Мохд Редханы желіде қатты сынға алған. Оған бірден «әлемдегі ең сорақы әке» атағы берілді.

Адам құқықтары жөніндегі қорғаушы Эндрю Хоудың айтуынша, секіру кезінде қауіпсіздік ережелері бұзылған. Балаларын қауіпті жағдайға өздері мәжбүрлейтін мұндай ата-аналар жауапкершілікке міндетті түрде тартылу керек дейді ол.

Ал Мохд Редха болса өз кезегінде, Мекка Микаэла өз еркімен секіргісі келгенін айтты. Оған қоса ол, секіру кезінде қауіпсіздік ережелері толық сақталғанын жеткізді. Алайда, видеода оны анық көре алу мүмкін емес болғандықтан көпшілікті қате пікір таратпауларын өтінді.

«Мекка Микаэлаға секірген ұнап қалды. Тіпті, тағы секірейік деп қоймай қойды. Ол өз келісімімен секірді. Сол себепті оны мәжбүрледі деген жалған ақпарат таратпаңыздар», - деп ағынан жарылды жас әке.

Қанша жерден ақталғанымен, балалар құқығын қорғаушылар Мохд Редханы жауапкершілікке тартуға бар күштерін салуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
6
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel