RU
Арманындағы ханзаданы кездестірген қарағандылық ару оңбай алданып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Арманындағы ханзаданы кездестірген қарағандылық ару оңбай алданып қалды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғыны NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp желісіне хабарлама жолдап, "Альфонс" жігітке қалай алданып қалғанын айтып берді. Өзін "қыздардың нақ арманындағы азамат" ретінде көрсеткен ол, бойжеткеннің бар ақшасын сыпырып, тайып тұрған.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Мадина (ред. - есімі өзгертіліп берілді) 2017 жылдың желтоқсан айында Эмиль есімді жігітпен әлеуметтік желі арқылы танысады. Азамат өзінің Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінде хирург болып жұмыс істейтінін айтқан.

"Сеніміме кіргені соншалық, өзінің ата-анасы туралы да айтып отыратын. Анасын бас дәрігер, әкесін өз мейрамханасын ашқан кәсіпкер деп айтты. Бір күні жол апатына түскенін айтып, 20 мың теңге қарызға бере тұршы деп өтінді. Достарымның бәрі қиын күнде сатып кетті деп, қайғысымен бөлісті", - дейді ару.

Арманындағы жігітті кездестіргеніне сеніп қалған бойжеткен, еш күмәнсіз оның сөзіне сеніп, банк картасына сұраған сомасын салып жібереді.

"Тағы біраз уақыт өткен соң, басынан қиындық арылмай қойғанына шағымданып, дәріге ақша таба алмай қалғанын жеткізді. Мен оған тағы да ақша бердім. Ол ЖСН нөмірі мен банк картасының суретін жіберді", - деп ақтарылды Мәдина.

Әбден сенімге кірген азамат үнемі "ақшаңды міндетті түрде қайтарамын, қатты ыңғайсызданып жүрмін" дегенді жиі айтып келген.

Алайда уақыт өте келе, ақшаны қайтармақ түгілі, өзі де жоғалып кеткен көрінеді.

"Эмильге өзім хабарлассам, мені балағаттап, ақшаны енді көрмейсің дейді. Содан кейін мүлдем жауап та бермей қойды. Қазір өзім денсаулығыма байланысты жұмыстан шығып қалдым. Несие төлеуім керек. Ақшаны қалай табарымды білмеймін", - дейді бойжеткен.

Өмірден опық жеп, алаяққа аузы күйген ару енді полицияға шағымданып, жігіттің бар былығын ашамын деп отыр.

Сондай-ақ Мәдина еліміздегі арманшыл келетін, кез-келгенге сене беретін аруларға абай болуды ескертті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
9
1
4
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel