RU
Ақтөбеде "Төрт ағайындының" соты өтіп жатқан ғимаратта күзет күшейтілді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде "Төрт ағайындының" соты өтіп жатқан ғимаратта күзет күшейтілді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбедегі мамандандырылған арнайы сот залында өтіп жатқан "Төрт ағайынды" ісі жабық өтіп жатыр. Сот ғимаратының айналасында күзет күшейтілген, жолдар жабылған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбедегі сот ғимараты

Ақтөбедегі сот ғимараты

Тәртіп сақшылары сот процесі өтіп жатқан ғимарат жанынан ешкімнің өтпеуін қатаң бақылауға алған. Оның басты себебі - бүгін жасырын куәгерлердің жауабы тыңдалады.

"Сот отырысы бүгін жабық өтеді. Бұл куәгерлердің қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Қазіргі уақытта жасырын түрде жауап алынатын 13 куәгер бар. Олардың саны қосымша жауап алуға байланысты өзгеруі мүмкін. Сот бір күнге ғана жабық өтеді. Жасырын куәгерлердің бәрінен бір күнде жауап алынады", - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Жасырын куәгерлерден жауап алу басқа залда өтетін болады. Олар сотталушылар отырған сот залына кіргізілмейді. Беттері жабылып, дауыстары өзгертіліп, телеэкран арқылы басқа залдан қосылады.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, мұнай ұрлады, кәсіпкерлерді қорқытып ақша бопсалады деген 26 адам қамауға алынған болатын. 50-ге жуық қорғаушы жалдаған сотталушыларға қатыств сот отырысы аяқталуға жақын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
1
1
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel