RU
"5 мамырда өтпейді": Головкин мен "Канело" арасындағы реванштың күні өзгертілуі мүмкін
Жаңалықтар Әлемде

"5 мамырда өтпейді": Головкин мен "Канело" арасындағы реванштың күні өзгертілуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

ESPN телеарнасымының маманы және АҚШ-тағы ең атақты шолушылардың бірі Дэн Рафаэль Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда өтпейтінін айтты деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Альварес пен Головкин. Сурет: boxingscene.com

Альварес пен Головкин. Сурет: boxingscene.com

"Көп жылдық тәжірибеден, комиссияның заңдарын жақсы білгендіктен кейін мен екінші жекпе-жектің 5-мамырда өтпейді деп айта аламын. Қайталап айтайын, жекпе-жек 5-мамырда өтпейді. Егер "Канело" дәруменнің денесіне расында бұзылған ет арқылы түскенін дәлелдеп шықпаса, Комиссия оны жекпе-жекке жібереде деп ойламаймын.
"Канело" мен оның командасы бұл жағдайға қатты мән бермегені үшін мен оны алты айға жекпе-жектерден шеттетеніне сенімдімін. Егер оның алты айға (комиссия одан көп мерзімге шеттетуі де мүмкін) шеттетсе, онда ол шаршы алаңға тек 17-тамыз күні қайта оралады. Жаза мерзімі бірінші допинг сынама алған күннен басталады өйткені.
Менің ойымша, Головкин 5-мамыр күні басқа қарсыласпен жекпе-жек өткізеді. Болмаса ол жекпе-жекті маусымға шегереді. Ал Головкин мамыр немесе маусым айындағы кездесуінде жеңіске жетсе, онда Альвареспен екінші кездесу қыркүйек айында Мексиканың Тәуелсіздік күніне орайы ұйымдастырылуы мүмкін. Бірақ біз әлі "Канелоның" қанша уақытқа шеттетілетінін білмейсіз", - деп жазды Рафаэль өзінің ESPN телеарнасының блогында.

Еске сала кетейік, Невада штатаның Атлеттер комиссиясы Альварестің қанынан кленбутерол дәрумен табылғаны үшін оны уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Бұл іске қатысты соңғы шешім 10-сәуір күні шығарылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel