RU
Алдағы күндері де жаңбырлы ауа райы сақталады
Жаңалықтар Қоғам

Алдағы күндері де жаңбырлы ауа райы сақталады

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер 29-31 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алдағы күндері де жаңбырлы ауа райы сақталады

Алдағы күндері де жаңбырлы ауа райы сақталады
Source: UGC

Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің бірінші айы жаңбыр және қармен аяқталады.

"Циклондар мен антициклондар Қазақстан аумағы арқылы қатты жылдамдықпен жылжиды. Осыған байланысты, елімізде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашыны жиі болып тұратын тұрақсыз ауа райы сақталады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік бөлігінде найзағай аралас жаңбыр, солтүстігінде ылғалды қар, тұман және көктайғақ күтіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан жоғары, тек солтүстік аудандарда температура 2-3 градус нормадан төмен болады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel