RU
Алматыда 3 миллион теңгеге сатылған ішімдік салықшыларды таңырқатты
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда 3 миллион теңгеге сатылған ішімдік салықшыларды таңырқатты

Рассказать Вконтакте

Алматыда бір шөлмек ішімдік 3 миллион теңгеге сатылған. Қымбат шараптар Көк Төбедегі мейрамханалардың бірінде саудаланыпты деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: VinMoldova.md

Көрнекі фото: VinMoldova.md
Source: UGC

Салықшылар тексерісі кезінде әлгі өнімдердің ешқандай рұқсатсыз сатылғаны анықталды. Олар лицензиясы болмаса да, келушілердің қалтасын қағып қалуды көздеген екен. Қазір олардың ісі сотқа жолданды.

"Іс материалдары әкімшілік айыппұл салу мен алкоголь өнімдерін тәркілеу үшін сотқа жолданды. Ішімдіктерді лицензиясыз сатып алған кәсіпкерлерге 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынуы мүмкін", - деді Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Айдос Орынбасаров.
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel