RU
Орыс жігіті қазақ қыздарын жерден алып, жерге салғандарды сөгіп тастады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Орыс жігіті қазақ қыздарын жерден алып, жерге салғандарды сөгіп тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақша таза сөйлейтін орыс жігіті Сергей Ахметов өзара бір-бірін сөгіп, жерден алып, жерге салатын қазақтарды сынап тастады. Бір ұлттың өкілдері тату әрі бірін-бірі қолдау керектігін тілге тиек еткен ол қазақ қыздарын да қадірлеуге шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақ тілінде нақыл айтып, түрлі мәселелер бойын Facebook желісінде ой толғайтын ол қазақтарды бірлікке шақырды. Айтуынша, тек бірлік болса ғана қоғамдағы проблемаларды шешуге болады. Бұдан бөлек, ол қазақ қыздарының ары мен ұятына сын айтып, шектен шығатындарға қатысты да өз ойын айтты.

"Қазақ қарындастар туралы жаман пікірлерді анадан бір, мынадан бір естиміз. Иә, кейбір қарындастарымыз жаман болса, ол қоғамымыздың сондай болғаны. Ұнамайтын қыздар болса, араласпа. Бірақ қазақ қыздары пәленше болып жатыр деп әлемге жар салмашы. Екіншіден, айналаң тек қана жаман қыздарды көрсең, қай жерде жүрсің, кет ол жерден", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
30
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel