RU
"Төле би-Сейфуллин көшелері қоршауға алынған": ІІД мән-жайды түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

"Төле би-Сейфуллин көшелері қоршауға алынған": ІІД мән-жайды түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Алматы полицейлері Төле би мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан дәмханалардың бірінен жарылғыш затты іздеген деп хабарлайды ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланған видеода полиция қызметкерлері қоғамдық тамақтану орнын қоршауға алған.

ІІД хабарлауынша, оқиға бүгін күндіз орын алған.

"Қоғамдық тамақтану орнында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Осыдан кейін адамдарды эвакуациялау және тексеру шаралару ұйымдастырылған. Алайда ақпарат расталмады. Оны хабарлаған адам іздестірілуде", - дейді Салтанат Әзірбек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel