RU
Президент сөйлеп жатқанда қатарда тұрған сарбаз құлап түсті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Президент сөйлеп жатқанда қатарда тұрған сарбаз құлап түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Украина президенті Петр Порошенко қаза болған жауынгерлерді еске алу салтанатында сөз сөйлеп жатқан кезде қарауыл ротасының сарбазы есінен танып қала жаздап, тізерлей құлады. Оқиғаның видеосы YouТube-те жарияланған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Президент сөйлеп жатқанда қатарда тұрған сарбаз құлап түсті (видео)

Президент сөйлеп жатқанда қатарда тұрған сарбаз құлап түсті (видео)

Кадрда Порошенконың артында тұрған әскери қызметкер теңселіп, құлап қалғаны көрінеді, осы сәтте президент байрағы да құлап кетеді.

Оған Ұлттық гвардияның басшысы жүгіріп барып, сарбазды сахнадан алып кетеді.

Порошенко қатысқан іс-шараларда мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ.

Өткен жылы Украина Шекара қызметінің басшысы Беларусь президенті Александр Лукашенко сөйлеп жатқан кезде есінен танып қалған болатын.

Осыдан кейін Порошенко бас шекарашыны қызметінен босатты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
8
6
9
3
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір