RU
Жанармай цистернасын сүйреп, адамдарды құтқарған жүргізуші оңбай күйіп қалды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жанармай цистернасын сүйреп, адамдарды құтқарған жүргізуші оңбай күйіп қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Үндістандағы Мадхья-Прадеш штатының 38 жастағы тұрғыны Саджид Кхан адамдарды құтқарып қалу үшін жанып жатқан цистерна көлігімен бір жарым шақырым жүріп өткен. Жүргізушінің өзі оңбай күйіп қалғанына қарамастан, көлікті қаланың шет жағындағы қауіпсіз аймаққа жеткізіп үлгерген деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме NUR.KZ.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

Куәгерлердің айтуынша, цистерна тиелген көліктің жолы да өртке оранған. Оны видеожазбадан ба анық байқауға болады.

Саджид болса, алдымен жанармай бекетінде жанып жатқан көлігінен қашып шыққанын айтады. Содан кейін оған қайта мініп, адамдарды құтқарып қалу үшін алысқа айдап кеткен.

"Адамдардың отты көре сала жан-жаққа қашып жатқанын көріп, мен де қашып кеттім. Бірақ қайта оралып, цистернаны шетке алып шығу керек деп шештім", - дейді Саджид Кхан.

Оқыс оқиғадан кейін полиция қызметкерлері Саджидті жергілікті ауруханаға жеткізген. Азаматтың аяқ-қолдары мен беті күйіп қалыпты. Алайда оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ дейді мамандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
0
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel