RU
Қызыл кілемде жұлдыздардың қандай құпиялары жария болды?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қызыл кілемде жұлдыздардың қандай құпиялары жария болды?

Рассказать Вконтакте

Голливуд жұлдыздары қызыл кілемге шығарда мінсіз көріну үшін, өзінің образын ұсақ-түйектеріне дейін ойластырады. Олар сұлулығының құпияларын үнемі жасырып, ешкімге тіс жармауға тырысады. Алайда, кейбір кездері ол құпиялары да әшкереленіп жатады деп хабарлайды bigpicture.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Жұлдыздардың мінсіз болып жүруінің құпиялары әркімде өзгеше болып келеді. Үздік образға ие болу үшін жұлдыздың өзінен бөлек, жаттықтырушы, визажист, стилист және дизайнер іспетті кәсіби мамандардан құрастырылған топ еңбек етеді. Бұл тұрғыда мінсіз мүсінге қол жеткізу мақсатында қолданылатын жұлдызды құпияларды назарларыңызға ұсынамыз.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Қайталанбас фотосет жасау үшін Ким Кардашьян жанын салуға даяр. Өзінің үлкен көкірегін суреттерде одан сайын әсерлі қылып шығару үшін ол, оны қарапайым жабысқақ таспамен бекітіп қояды.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Танымал актриса Николь Ричи силиконды төстарқышға үйреніп алған. Қандай көйлек киіп шықпасын, ол үшін силиконды төстартқыштың болуы шарт болса керек. Оның ойынша, ол көкірекке ерекше әсем форма береді.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Атақты Том Круздың бойы 170 сантиметрді құрайды. Өзінің ұзын бойлы әріптестерінің қасында ыңғайсыз сезініп қалмауы үшін ол биік өкшелі аяқ киім киюге мәжбүр.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Төстарқышты қажет етпейтін көйлектерді кигенде, көкіректі барынша жауып тұратын силиконды жапсырманың барын Эмма Уотсон жақсы біледі.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Жұлдыздар да қарапайым адамдар болған соң, оларда терлеуге бейім келеді. Сол сияқты, танымал актриса Джессика Билл да қызыл кілемге шығар алдында қолтығына майлықтарды салып қоятын әдеті бар.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Тейлор Свифт өз кезегінде, таңдауын "push-up" іш киімдерге берсе керек. Бірде кішкентай көкіректі болып жүретін әнші, бұл төстартқыштар есебінен кейде үлкейген төсін паш етіп елді таңғалдырып жатады.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Қызыл кілемге шыққан Дженнифер Гарнер кемшіліктерді жасырып тұратын ішкі киімін күллі әлемге жария қылды. Оның табынушылары актрисаның не себепті мұндай іш киім кигенін түсінбей әлек. Олар Дженнифердің денесін онсыз да сымбатты санаса керек.

Фото: bigpicture.ru

Фото: bigpicture.ru

Нағыз рок-жұлдыздар іспетті Ленни Кравиц та былғары шалбарды тастамай киеді. Алайда, бір концерт кезінде осы рок стиліндегі киімі оны ыңғайсыз жағдайға қалдырған.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
6
2
1
3
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір