RU
Кемерово облысының шенділері "жылы" орындарынан қуыла бастады
Жаңалықтар Әлемде

Кемерово облысының шенділері "жылы" орындарынан қуыла бастады

Рассказать Вконтакте

Кемерово облысы губернаторының орынбасары Алексей Зеленин қызметінен босатылды деп жазады Sn.kz. Оның міндетін Кемерово басшысының бірінші орынбасары Ольга Турбаба атқаратын болады.

Кемерово облысының шенділері қызметтерінен қуыла бастады

Кемерово облысының шенділері қызметтерінен қуыла бастады

"Кемерово облысы губернаторының орынбасары Алексей Зеленин қызметінен кетті, оның орнына Ольга Турбаба келеді", - делінген ақпараттық агенттік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, облыстың Ішкі саясат департаментін басқарып келген Нина Лопатина да жылы креслосымен қош айтысыпты. Бұл лауазымға кімнің тағайындалатыны әлі белгісіз.

Еске салайық, 25 наурыз күні Кемерово қаласындағы ойын-сауық сауда орталығы өртеніп, салдарынан 64 адам қаза тапқан болатын. Олардың 41-і кішкентай балалар. Құтқарушылар әлі 10-нан астам адамның із-түссіз жоғалғандар қатарында екенін айтып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір