RU
Ұшақ қызметкерлері арбаға таңылған тілшіні бортта жалғыз қалдырып кеткен
Жаңалықтар Әлемде

Ұшақ қызметкерлері арбаға таңылған тілшіні бортта жалғыз қалдырып кеткен

Рассказать Вконтакте

EasyJet әуе компаниясының қызметкерлері мүгедек болып қалған Софи Морган есімді британдық журналистті аңғармай қалып, ұшақ бортында жалғыз қалдырып кеткен деп хабарлайды lenta.tu-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Ұшақ бортында жападан жалғыз қалған 33 жастағы тележүргізуші ұшақ қызметкерлерін 40 минут бойына күтуге мәжбүр болған. Оқиға ұшақтың лондондық Гатвик әуежайына қонған кезінде болса керек.

Стюардессалардың айтуынша, ұшақ қызметкерлерінің бірі абайсызда Софи Морганның арбасын алып кеткен көрінеді.

40 минут бойы қызметкерлерді күткен әйел іші бос ұшақта суретке түсіп, болған жайтты өзінің Facebook парақшасында баяндап берген.

Оның айтуынша, ұшақ персоналы өздерін өте дөрекі ұстаған. Оған қоса британдық журналист мүгедек адамдардың осыған ұқсас жағдайларға жиі тап болатынын айтып, оларға тиісті көмек пен қолдау жасалмайтынын жеткізді.

Софидің жанайқайы интернет желісінде қызу талқыға түсті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel