RU
Өкінемін: Тұрсын Алагөзов ара-қатынасын үзген ұлы туралы өз шындығын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Өкінемін: Тұрсын Алагөзов ара-қатынасын үзген ұлы туралы өз шындығын айтты

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзованың жары Тұрсынғали ұлының жазған ашықхатына жауап беріп, өзін үйінен қуып жатқанына қатысты бірқатар жайттардың басын ашты деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өкінемін: Тұрсын Алагөзов шетелге кетіп қалған ұлына қатысты өз шындығын айтты

Өкінемін: Тұрсын Алагөзов шетелге кетіп қалған ұлына қатысты өз шындығын айтты

Алагөзовтің айтуынша, ол өзіне тиесілі мүлкінің барлығын ұлы мен қызының атына жазып берген.

Оның сөзіне сенсек, әңгімеге арқау болып отырған пәтердің жарты ақысы - 300 млн теңгені ол екі жыл бұрын төлеп қойған. Ол кезде оның ұлы 19 жаста еді.

«Қазір ол 21 жаста, шетелде оқиды. Қазақстанға келмейді. Ол ешқашан жұмыс істемеген. Бұл хатты анасы немесе әпкесі жазғаны түсінікті. Қазір біз араласпаймыз. Себебі ол мені әлеуметтік желілерде бұғаттап тастаған", - дейді ол.

Сонымен бірге, кәсіпкер ажырасқаннан соң компания акцияларын бұрынғы әйеліне беру туралы шешімге қарсы шыққанын да жоққа шығаруда.

"Мұның барлығы біздің ішкі проблемаларымыз. Сондықтан ол туралы БАҚ-та жазылғаны маған ұнамайды. Мен ол үшін өкінемін", - деді ол.

Еске салсақ, кеше БАҚ көздерінде Әрсен Алагөзовтің әкесіне жазған хаты жарияланған болатын. Хат авторының айтуынша, әкесі отбасын тастап кеткенімен, артында шешілмеген проблемалар мен мәселелері көп болған. Сонымен бірге, ол өзі балаларымен араласпайды деп айыптаған-ды.

Бұған дейін Әрсен Алагөзов туған әкесін пәтерден қуу үшін сотқа арызданғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
16
3
2
2
4
5
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel