RU
Кемереводағы алапат өртте фотограф ойыншықтың көмегімен 30 баланы құтқарған
Жаңалықтар Әлемде

Кемереводағы алапат өртте фотограф ойыншықтың көмегімен 30 баланы құтқарған

Рассказать Вконтакте

Кемеревода болған жантүршігерлік өртте Евгений өзімен бірге болған газға қарсы құрылғының көмегімен 30-дан астам баланың өмірін құтқарып қалған деп хабарлайды Комсомольская правда газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кемеревода болған алапат өртте фотограф ойыншық "құрылғының" көмегімен 30-дан астам бөбекті құтқарып қалған

Кемеревода болған алапат өртте фотограф ойыншық "құрылғының" көмегімен 30-дан астам бөбекті құтқарып қалған
Source: UGC

Евгенийдің айтуынша, өрт тұтанған сәтте, ол кинотеатр маңында болған екен. Алапат өрттің басталғанын көрген ол, бірден өзімен бірге іс-шараларға алып жүретін газға қарсы құрылғысын тағып алып, балаларды құтқаруға кіріскен.

Осыған дейін түрлі шараларға қатысып көрген ол, өрттен адамдарды қалай алып шығару қажеттігі туралы тәжірибесінің барын да жасырмаған.

Көптеген баланың өмірін құтқарып қалған фотограф, іште тағы да ондаған жеткіншектің қалғанын білмеген екен.

Әзірге оған балаларды алапат өрттен қалай құтқарғаны туралы тың деректерді айтуға болмайтын көрінеді. Себебі, Евгений аталған істің куәгері ретінде тергеліп жатыр екен.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
3
3
22
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel