RU
Тойға қыруар ақша шашатын қазақтарды сынаған жігіт қызу талқыға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Тойға қыруар ақша шашатын қазақтарды сынаған жігіт қызу талқыға түсті

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Игорь Несен өз отандастарының той-томалақтарды ұйымдастыруға жұмсайтын қаражаттарының орташа көрсеткішін есептеп көрді. Нәтижесінде төрт миллион теңге көлемінде шыққан "ғарыштық" сомма оны қатты таңғалдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Өзінің зерттеу нәтижелерін ол Facebook парақшасына жүктеп қойды.

Есептеу барысында анықталған қаржы мөлшері бірнеше мектеп пен ауруханаларды салуға жеткілікті болып шықты.

Игорьдің зерттеуінше, елімізде 82 мыңнан астам жалғызбасты аналар бар. Бұл санды ол төрт миллион теңгеге көбейткенде 328 миллиард теңге шыққан.

Оның айтуынша, думанды тойға жұмсалған қаражатқа 328 мектеп, 656 балабақша және жас отбасыларға арналған 25 мың пәтер салуға болатын еді.

Игорь Несеннің жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Алайда, оқырмандардың көбісі оның пікірімен келіспейтіндерін айтты.

Олар мектеп пен балабақшаларды салу мемлекеттің міндеті деп санаса керек. Оның үстіне, өз қаражаттарын қайда және қалай жұмсайтындарына Игорьдің араласпауын сұрады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
2
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір