Қызылордада мүгедек анасын балғамен ұрып өлтірген жігіт сотталып кетті
Анасын өлтірген 26 жастағы ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қызылордада мүгедек анасын балғамен ұрып өлтірген жігіт сотталып кетті
Өткен жылдың желтоқсан айында 26 жасар қала тұрғыны туысқанымен бірге ішімдік ішкен. Бөтелкелесі кетіп қалғаннан кейін ол көршісімен бірге ішімдік іше бастайды. Оның анасы ащы судан ұрттап отырған көршісіне күн қарайып кеткенін, сондықтан үйіне қайтуын өтінеді.
Осы кезде ұлы ІІ топтағы мүгедек анасының қасына барып, балғамен ұрып жібереді де, кеудесінен тебеді. Алған жарақат салдарынан анасы оқиға орнында көз жұмды.
Ол Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 2-бөлімі, 3-пункті бойынша сотталып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушы жазасын қауіптілік деңгейі ең жоғары түзету мекемесінде өтейді.
Мамандандырылған ауданаралық сотта қылмыстық іске қатысты сот үкімі заңды күшіне енбегені айтылды.
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
1
1
4
1
2
3
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір