Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық танымал театр артистері тойда биді жандырды (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының артистері әріптестерінің шаңырақ көтеру тойында "Көкшолақ" әніне билеп, жұртты тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық телехикаялар мен фильмдер арқылы танылған белгілі актерлардың Instagram парақшаларына сүйенсек, жас актер Шағуан Үмбетқалиев күні кеше үйлену тойын Алматы төрінде дүркіретіп атап өткен.

Дүбірлі тойға жиналған қауым театр артистерінің биін желіде жарыса жариялаған.

Актриса Ақмарал Дайрабаева бөліскен видеоларда бір топ сахна жұлдыздарының Кенен Әзірбаевтың "Көкшолақ" әніне беріле билеп жатқандарын байқауға болады.

Кейінірек аталмыш қойылым театр репертуарындағы режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың "Базарың тарқамасын" музыкалық драмасынан үзінді екені белгілі болды.

"Бұл керемет сәтке тағы бір мәрте куә боламын десеңіздер, 30 наурыз күні Абылайхан және Мәметова көшелерінң қиылысында, ашық аспан астында өтетін "Базарың тарқамасын" драмасын тамашауға келіңіздер! Басталуы: 18:30-да", - деп жазады театр артистері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1723611-otandyk-tanymal-teatr-artisteri-tojda-bidi-zandyrdy-video/

pixel