RU
Қызылордадағы атыс: Куәгерлер көмектесудің орнына камераға түсіріп тұрған
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордадағы атыс: Куәгерлер көмектесудің орнына камераға түсіріп тұрған

Рассказать Вконтакте

Қызылордадағы атыс кезінде көз жұмған 18 жастағы жігіттің туғандары куәгерлердің әрекеттеріне наразы болып отыр. Олардың айтуынша, жедел жәрдем шақырғанның орнына, көпшілік жарысып видеоға түсіруге кіріскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

«Азамат Базылдың өмірі үшін үш сағат бойына білікті дәрігерлер күресті. Нәтижесінде оның денесінен оқ алынды. Алайда, дәрігерлер қанша тырысқанымен жас жігіт қайтыс болды. Азаматтың алған жарақаттары күрделі болып шығып, оның өмір сүруіне мүмкіндік бермеді» , - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының төрайымы Нұржамал Тұрсынбаева.

Азаматтың туғандары болған оқиғаға әлі де сенер емес. Тәртіпті әрі оқу озаты болған баланың болашағынан туыстары үлкен үміт күткен. Ол дәрігер болуды армандапты.

Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып барған Азаматтың ағасы куәгерлердің әрекеттеріне таңғалғанын айтты.

«Оқиғаны ести сала барғанымда, куәгерлердің қылығы ашуыма тиді. Көмек қолын созып, жедел жәрдем шақырғанның орнына, олар видеоға түсіріп өліп бара жатты», - дейді қайғыдан қан жұтқан ағасы.

Еске сала кетейік, Қызылордада өзара келісе алмаған екі жігіт арасында атыс орын алды. Нәтижесінде біреуіне оқ тиіп, ол ауруханада көз жұмды. Қызылорда облысының ІІБ-да бұл оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
3
22
3
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel