RU
Еліміздің бірқатар облыстарында дабылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің бірқатар облыстарында дабылды ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

29 наурызда еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

Еліміздің бірқатар облыстарында дабылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар облыстарында дабылды ескерту жарияланды

"29 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, оның күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Қостанай облысында кей жерлерде тәулік бойы желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады, көктайғақ, тұман түседі", — деп ескертеді метеорологтар.

29-31 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғып, найзағай ойнайды.

29 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал.

Тараз қаласында 29 наурызда оңтүстік-батыстан екпінді жел соғады, кей уақытта күші 23-28 м/с-қа жетеді.

Астана қаласында 29 наурызда көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с.жел соғады деп болжанып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір