RU
NUR.KZ порталы еліміздегі ең әдемі ұстазға байқау жариялайды
Жаңалықтар Қоғам

NUR.KZ порталы еліміздегі ең әдемі ұстазға байқау жариялайды

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталы елімізде білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар арасында байқау жариялайды.

NUR.KZ порталы еліміздегі ең әдемі ұстазға байқау жариялайды

NUR.KZ порталы еліміздегі ең әдемі ұстазға байқау жариялайды

Балаларға мейірімімен қатар бар ықыласын арнап, білім беруде өзіндік үлесін қосып жүрген ұстаздар енді NUR.KZ арқылы бүкіл республикаға таныла алады.

Байқауға қатысу үшін 25-35 жас аралығындағы ұстаздар өзінің суретін портал редакциясына жолдап, суретпен қоса ұстаздық өмірі туралы қызықты ақпарат жіберуі тиіс.

Аталған байқау көп жағдайда еңбегі еленбей қалатын ұстаздар қауымын да назардан тыс қалдырмай, мектептегі көптеген балалардың тәрбиесіне атсалысып жүрген нәзік жандылардың қызметіне құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқауға мектепте жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі ұстаздар қатыса алады.

Редакцияға келіп түскен фотосуреттер сайтта жарияланып, дауыс беру жүйесі арқылы ең сұлу әрі сымбатты мектеп мұғалімін таңдауға мүмкіндік болады.

Байқау қорытындысы 2018 жылдың 25 мамырында жарияланып, ең көп дауыс жинаған ұстаз туралы мақала NUR.KZ порталының бастапқы бетіне жарияланатын болады.

Байқау шарттары:

  • Сапалы әрі көлемді фотосурет (жалғыз өзі түскен);
  • Қызметіндегі жетістіктері туралы ақпарат (өзі жұмыс істейтін мектеп туралы);
  • Ұстаздыққа қалай келгені туралы қысқаша баяндау;
  • Мектепке қатысты басынан өткен қызықты жайттарын хат арқылы жазып жіберуі тиіс.

Аталған мәліметтерді NUR.KZ порталының editor@corp.nur.kz поштасына *Қазредакция-Байқау-ұстаздар деген тақырыппен жіберулеріңізді сұраймыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
3
1
0
1
17
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel