RU

Күйеуі Байзақова үшін Алматыға кетпекші болған келіншек мұңын шақты

Желіде "екі баланың анасымын" деген келіншек атышулы Айжан Байзақовадан шаршағанын айтып көмек сұрады. Сөзінше, күйеуі күні-түні блогердің суреттері мен видеоларын ашықтан ашық қарап отырады екен деп жазады Sn.kz.

"Күйем Байзақова үшін кеткелі жатыр"
"Күйем Байзақова үшін кеткелі жатыр": UGC

26 жастағы әйел күйеуімен 6 жылдан бері бір шаңырақтың астында тұрып келе жатқан көрінеді. Хат иесі «отағасының табысы да тәп-тәуір» екенін айтады.

«Мен әбден шаршадым Байзақовадан. Күйеуім ашықтан-ашық оның суреті мен видеосын қарайтын болды. Не істерімді де білмей қалдым. Күнде жылаймын. Жасым – 26-да. 2 баланың анасымын. Күйеуімнің табысы жақсы. Жақында сол Байзақованы көру үшін Алматыға жол жүргелі отыр. Көмектесіңіздер маған, өтініш. Өзімді қалай ұстасам болады?», – деп келіншек көптен көмек сұрады.

Әйелдің Instagram-дағы бұл жазбасын Айжан Байзақованың өзі көшіріп, өзінің telegram-парақшасына салған.

«Күйеулеріңізге айтыңыздар, басты қатырмасын. Болды. Алматыға қалай келеді, солай кері кетеді. Мені көре алмайды. Сосын үйге оралған жарыңызды қайта кіргізбеңіздер», – деп жазды Байзақова.

Желі қолданушылары да келіншекке: «Уайымдамаңыз. Өзіңізге оралады күйеуіңіз» деп жан-жақтан басу айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1723622-kjeui-bajzakova-sin-almatyga-ketpeksi-bolgan-kelinsek-myn-sakty.html