Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда шатырдағы мұз үстіне құлап түскен азамат тіл тартпай кетті

Опубликовано:

Оралда үстіне шатырдан мұз құлап кеткен ер адам оқиға орнында қаза тапты деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

Оралда шатырдағы мұз құлап түскен азамат тіл тартпай кетті
Оралда шатырдағы мұз құлап түскен азамат тіл тартпай кетті: UGC

Ақпаратқа сәйкес, оқиға сәрсенбі күні шамамен түс кезінде автобус аялдамасына жақын жерде болған. Ер адам оқиға орнында қаза тапты.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаевтың сөзіне сүйенсек, "Жедел жәрдем" көлігі екі минут ішінде оқиға орнына жеткен, алайда ер адамның өміріне араша түсу мүмкін болмапты.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1723627-oralda-satyrdagy-mz-stine-klap-tsken-azamat-til-tartpaj-ketti/

pixel