RU
ШҚО-дағы су тасқыны: Пайдакүнем тұрғындар үйлерін әдейі қиратып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-дағы су тасқыны: Пайдакүнем тұрғындар үйлерін әдейі қиратып жатыр

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынына байланысты жаңа баспана алғысы келген кейбір тұрғындар үйлерін әдейі қиратып жатыр. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-дағы су тасқыны: пайдакүнем тұрғындар үйлерін әдейі қиратып жатыр

ШҚО-дағы су тасқыны: пайдакүнем тұрғындар үйлерін әдейі қиратып жатыр

Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Аягөз қаласында үйлерді қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу басталған. Ахметов аудандағы үйлерді жөндеу жұмыстарына қатысатын құрылыс компанияларының басын қосты. Өңір басшысы бәріне берілген жұмысты адал әрі сапалы түрде тез арада орындауға тапсырма берген.

114 үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, жөндеу жұмыстары келесі аптада басталмақшы. Осы мақсатта 259 миллион теңге бөлінген.

Айта кетерлігі, Аягөздегі тасқын кезінде 162 үйді су алып кетті. Қазір олардың бәрі тексеріліп, 41 үйдің жөндеуге келмейтіні тіркелді.

Облыс әкімі атап өткендей, кей тұрғындар табиғи апатты өз мүдделеріне пайдаланғысы келіпті: үйлерін өздері әдейі бұзған жайттар кезіккен.

"Адамдар ескі үйлерінде тұрғысы келмей, қалай да жаңа баспанаға қол жеткізуді мақсат етіп, неше түрлі құйтұрқылыққа барған. Жақсылап жөндеп алуға болатынына қарамастан осылай жасаған. Қоғам қайда қарап отыр? Меніңше, мұндай әрекет қатаң сынға алынуы тиіс. Жаңа үй баспанасы жөндеуге келмейтіндерге берілуі керек. Қалғандарын жөндеп, қалпына келтіреміз. Қауіпсіз жағдайға дейін жеткізіп, реттейміз, адамдар өз үйлеріне қайтып оралады", — деді Ахметов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
1
2
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel