RU
ОҚО-ны аралап шаршаған Сағынтаев күш-қуат алу үшін жастармен кездесті
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-ны аралап шаршаған Сағынтаев күш-қуат алу үшін жастармен кездесті

Рассказать Вконтакте

ОҚО жастарымен кездескен Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев жас буын өкілдерінен күш-қуат жинап алмақ болғанын айтты деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-ны аралап шаршап қалған Сағынтаев күш-қуат алу үшін жастармен кездесті

ОҚО-ны аралап шаршап қалған Сағынтаев күш-қуат алу үшін жастармен кездесті
Source: UGC

Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сарыағаш ауданы мен облыс орталығы Шымкент қаласындағы кәсіпкерлік нысандары мен облыстық клиникалық ауруxана жұмысымен танысқан

Сағынтаев жұмыс сапарының соңына қарай облыс жастарымен кездесті. Жиынға төрағалық еткен Сағынтаев өңір жастарымен кездесу арқылы энергия жинауды мақсат еткенін ашып айтты.

"Таңертеңнен бері осы облыста жүрміз. Аудан араладық... Ары қарай бүгін жолымыз Қызылорда облысына шығады. Бүгінгі жұмысымызды бітіріп, ары қарай жолға шыққан кезімізде энергия алып кетейік деп орталарыңызға келдік",- деді Үкімет басшысы.
ОҚО-ны аралап шаршап қалған Сағынтаев күш-қуат алу үшін жастармен кездесті

ОҚО-ны аралап шаршап қалған Сағынтаев күш-қуат алу үшін жастармен кездесті
Source: UGC

Өз сөзінде Сағынтаев облыс жастарымен түрлі сала бойынша ел жастарына беріліп жатқан мүмкіндіктер жас буын өкілдеріне дер кезінде жетіп отыр ма, жоқ па деген сауал мазалағандықтан, арнайы кездесіп отырғанын айтты. Сонымен қатар Премьер-министр білім саласының маңыздылығына тоқталды.

"Адам бесекеге адаммен емес, роботпен түседі енді. Сондықтан алған білімдеріңіз бәсекеге сай болу керек", - деді үкімет басшысы.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel