RU
Семейде Ертіс өзені арнасынан тасып, тұрғындар шұғыл көшірілген
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Семейде Ертіс өзені арнасынан тасып, тұрғындар шұғыл көшірілген

Рассказать Вконтакте

Ертіс өзені мен Семипалатинка тоғанында су арнадан асып, Түйемойнақ аралы, Шығыс және Мирный кенттеріне су басу қаупі туып отыр. Қазіргі таңда Түйемойнақ аралынан тұрғындар шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр деп хабарлайды altaynews.kz.

Семейде Ертіс өзені арнасынан тасып, тұрғындар шұғыл көшірілуде

Семейде Ертіс өзені арнасынан тасып, тұрғындар шұғыл көшірілуде
Source: UGC

Оқиға орнында қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған арнайы топ өкілдері жұмыс істеуде. Атқарушы билік өкілдері жағдайды бақылауға алғанын жеткізді. Мұнда Азаматтық қорғаныс күштері жұмылдырылған. Қауіпті аймақтан халық толықтай көшіріліп жатыр. Эвакуация орны ретінде "Семей" және "Турист" қонақ үйлері, "Строитель" демалыс базасы бекітіліпті.

Қазіргі таңда 97 адам эвакуцияланып, оның ішінде 67 адам "Семей" қонақ үйіне орналастырылса, қалған 30 адам "Туристке" жайғастырылған. Барлық тұрғын ыстық тамақ жəне жылы киіммен қамтылды. Медициналық жəне психологиялық көмекке мұқтаж жандар болмаған. Шығын мөлшері әзірге белгісіз. Сонымен қатар тілсіз жаумен күреске "Семей" көгалдандыру және көркейту мекемесі де тартылыпты.

"Әзірге он бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Қырыққа тақау қызметкеріміз тартылып отыр. Жағалауға инертті материалдарды төгіп, бекітіп жатырмыз. Дәл осындай шаралар Шығыс кентінің саяжайларында қолға алынды. Мұзды жару жұмыстарынан кейін жағдай тұрақталуы тиіс. Әйтсе де күн батқанша дейін осында болып, судың деңгейін бақылаймыз", — деді "Семей" көгалдандыру және көркейту кәсіпорнының өндіріс бөлімінің меңгерушісі Оразхан Ергебаев.

Еске салсақ, дәл осындай жағдай 2014 жылы болған еді. Ол кезде де Семипалатинка тоғанындағы мұздың кептіліп қалуына байланысты, өзен суы арнадан шығып, жеке тұрғын үй секторларына жайылған. Ал арал тұрғындары мұзды жару шаралары дер кезінде қолға алынбады, сол себепті осындай тасқынға душар болдық дейді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel