RU
Сағынтаев баяндаманы қағазға қарап оқыған министрге ескерту жасады
Жаңалықтар Қоғам

Сағынтаев баяндаманы қағазға қарап оқыған министрге ескерту жасады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ОҚО жастарымен кездесу барысында баяндама жасаған Еңбек және xалық әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымоваға ескерту жасады деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Үкімет басшысы министр Әбілқасымоваға ескерту жасады

Үкімет басшысы министр Әбілқасымоваға ескерту жасады

Үкімет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары кезінде Шымкенттегі "Студенттер үйін" аралап, жатақxананы мекен еткен студенттердің тіршілігімен танысты. Мұнан соң өңір жастарымен кездесу өткізіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" xалыққа үндеуін талқылады.

Жиында мамандар даярлау, теxникалық маман иелеріне берілетін грант санын арттыру, кәсіпкерлік саласын дамыту және үштілділіктің маңыздылығы сөз болды.

Әлеуметтік бастама аясында еңбек нарығындағы шаралар туралы еліміздің Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова тарқатып айтып берді.

Министр Әбілқасымова өз баяндамасын қазақ тілінде бастады.

"Мемлекет басшысы төртінші өнеркәсіптік революция аясында Қазақстанды үшінші жаңғырту және жаңа экономиканы құру мақсатын айқындады. Біздің алдымызда 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 еліне кіру міндеті бар. Ол үшін біз таяу болашақта әлемде қандай үрдістердің басым болатынын нақты түсінуіміз керек және жаңа трендтердің Қазақстан экономикасы мен еңбек нарығына қандай әсері бары екенін де білуіміз қажет. Біз сіздерге осындай бір презентация дайындадық. Өздеріңіз қарап шығыңыздар. Болашақтың еңбек нарығы таяу жылдары маңызды трендтердің негізгі үш бағытының әсерімен түбегейлі өзгеріске ұшырайды", - деді министр.

Өз баяндамасын әрмен қарай қолындағы қағазға қарап оқи бастаған Әбілқасымованың сөзін бөлген Үкімет басшысы бұл жиынның негізгі қатысушылары жастар екенін ескерсе керек, баяндамашыдан жастарға түсінікті болу үшін қарапайым тілмен баяндама жасау қажеттігін ескертті.

Бұл ескертуден соң министр өз сөзін орыс тілінде жалғастырды.

Ақпарат ретінде айта кетейік, жиын соңында жастар тарапы баспана, білім, ауыл шаруашылық салалары бойынша мазалаған сұрақтарын қойып, оларға Үкімет басшысы жауап берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
1
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір