RU
Шымкенттіктер Кемерово трагедиясының құрбандарын еске алды (видео, фото)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттіктер Кемерово трагедиясының құрбандарын еске алды (видео, фото)

Рассказать Вконтакте

400-ден астам шымкенттік Кемеровода орын алған алапат өрт құрбандарын еске алып, көкке ақ шарлар ұшырды деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Шымкенттегі Абай саябағы маңындағы "Даңқ" мемориалына жүздеген тұрғын жиналған. Барлығы күні кеше әлеуметтік желі арқылы тараған xабарламаны естіп келгендер.

400-ден астам ерікті тұрғын бір мезетте аспанға ақ шарды ұшырып, алапат өртте қаза тапқандардың руxына тағзым етті. Көрші елде орын алған бұл қайғылы оқиғаға қабырғалары қайысқан шымкенттіктер осылайша марқұмдардың туыстарының қайғыларына ортақтасты.

Естеріңізге сала кетейік, 25 наурызда Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда үйінен өрт шығып, онда 64 адам қаза тапқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір