RU
Алматы облысында бір отбасын қырып салған қанішерлер ату жазасына кесілуі мүмкін
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында бір отбасын қырып салған қанішерлер ату жазасына кесілуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында орын алған қанды қылмыста жер жастанған марқұмдардың туыстары қылмыскерге ату жазасы тағайындалусын деп отыр 88-дегі кейуана мен оның 51 жастағы қызы және 23-ке енді толған немересінің пышақталған денелері өткен аптада өз үйінен табылған болатын деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Қатыгез қылмыс жасап, бірнеше адамды айуандықпен өлтіргендер көп ұзамай құрықталған. Ал жақындарынан айырылған әулеттің мүшелері кеше оларды Қопа ауылындағы қорымға жерлепті.

23 наурыз күні 23 жастағы Бекзат Нашарбекова, 88 жастағы Тазагүл Лақбаева мен қызы Дәния да пышақталған. Кей мәліметтер бойынша, үйдегі бойжеткен үшін қырғынға барған деген мәлімет бар. Бірақ қандай себеппен екені әзірге белгісіз.

Қаза болғандардың туыстары телефон тұтқасын көтермегеннен күдіктеніп, олардың үйіне келеді. Олар мәйітті көріп есеңгіреп, көршілерді көмекке шақырған.

Іргесі көтерілгеніне көп болмаған бұл үйге марқұмдар былтыр көшіп келген. Қарашаңырақ Ұзынағаштан 80 шақырым жердегі Қопа ауылында. Анасы мен қарындастарынан қапелімде айырылған Берікхан Лақбаев оларды жер қойнына тапсырды. Кеше ғана мейрамда күліп-ойнап жүрген жақындары енді бір-ақ сәтте төмпешікке айналғаны қабырғасын қайыстырады.

"Азғантай зейнетақы алады, тонайтындай да ешнәрсесі жоқ. Қарындасым жамбасын сындырып алған. Ол жұмыс істемейді. Бекзат істейді. Ол қанша алады, 50-60 мың алатын шығар. Ату жазасы керек", - дейді Лақбаеваның ұлы Берікхан Лақбаев.

22 жастағы күдікті көп өтпей ұсталдып, қамауға алынды. Ал, қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары аяусыз қылмысқа барған азаматқа өлім жазасы тағайындалуын сұрап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
13
3
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel