RU
Қазақстанның басым бөлігінде бүгін де тұрақсыз ауа райы сақталады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанның басым бөлігінде бүгін де тұрақсыз ауа райы сақталады

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Тек батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ,оңтүстікте найзағай, батыста бұрқасын күтіледі деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 18 м/с, Батыс Қазақстан облысында түнде 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақболып, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз көктайғақ юолады, кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel